Сапарбаев жаңа қызметіне қатысты ойын айтты

0
898

10 ақпанда үкімет басшысының бұрынғы орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.


Сапарбаев жаңа қызметіне қатысты ойын айтты

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді, деп жазады sputniknews.kz.

"Оны шешетін мемлекет басшысы. Президент осындай шешім қабылдағаннан кейін, мен оны орындауға міндеттімін. Кезінде министр болсам, қазір әкім болып, Жамбыл облысындағы оқиғалардың салдарын тезірек жою үшін жұмыс істейміз", - деді ол үкімет кулуарында.

Мемлекет басшысының жарлығымен берілген өтінішіне орай Асқар Мырзахметов Жамбыл облысы әкімі қызметінен босатылды. Ол облысты екі жыл басқарды. Мырзахметовтың орнына премьер-министр орынбасары болған Бердібек Сапарбаев тағайындалды.

Бердiбек Мәшбекұлы Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында туған. 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Түрлі жылдары министрлер кабинеті аппаратының жетекшісі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, кедендік бақылау агенттігі төрағасы, қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2009 жылдың 4 наурызынан бастап 2014 жылдың 11 қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды. 2014 жылдың қараша айынан 2015 жылдың 11 қыркүйегіне дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.

Ақтөбе облысын басқарды. 2019 жылдың 25 ақпанынан 20 тамызына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. Ал 20 тамыздан 10 ақпанға дейін – үкімет басшысының орынбасары. Үйленген, үш бала тәрбиелеп өсірді.