Сапарбаевтың кездесуіндегі оқыс жағдай: жүргізуші өз реакциясы туралы пікір білдірді

0
2 901

Кездесу модераторы журналист, Jambyl телеарнасының директоры Мейіржан Жиенәлі болған.


Сапарбаевтың кездесуіндегі оқыс жағдай: жүргізуші өз реакциясы туралы пікір білдірді

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың халыққа есеп беру кездесуінде мінбердегі елтаңба құлап қалды. Желі қолданушылары назарына жүргізушінің эмоциясы іліккен. Модератор болған жағдай туралы пікірін білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Кездесу модераторы журналист, Jambyl телеарнасының директоры Мейіржан Жиенәлі болған. Оны әкімнің есеп беру кездесуін жүргізуге және тұрғындар сұрағын оқып беруге шақырған.

Мейіржан Жиенәлі тікелей эфир кезінде мұндай оқиға болады деп күтпегенін айтты.

"Елтаңба құлаған сәтте мен әкімге қоятын сұрақтарымды дайындап тұрғанмын. Шынымды айтсам, кенеттен тарс еткен дыбыстан қорқып қалдым, сондықтан өзім күтпеген реакция болды және оны бәрі байқады. Елтаңбаның құлаған дауыс қатты шықты. Әкім де мұндай жағдайды күтпеген еді", - деді журналист.



Жүргізуші үстінде дыбыс жазуға арналған құрылғылар мен микрофон болғандықтан мінберден кете алмағанын айтты.

"Мұндай жағдайдың болғаны өкінішті, әрине. Бұлай болады деп ешкім күткен жоқ. Мінберді дайындауға ешқандай қатысым жоқ. Мен тек жиынды жүргізуге келгенмін. Бірақ өмірде түрлі жағдай болады. Ол үшін көңіл-күйді түсірудің қажеті жоқ", - деп қосты Мейіржан Жиенәлі.

Айта кетейік, 19 ақпанда Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу әлеуметтік желілерде таратылды.

Жиын басталғаннан бір сағаттан аса уақыт өткен соң әкім мінберінен елтаңба құлап қалды. Әкім де, модератор да өз эмоцияларын жасыра алмады.