Сапасыз оқулық дайындағандар жауапқа тартылады: Президент тапсырмасы

0
832

Мемлекет басшысы Қазақстанда қазіргі таңда оқулықтардың сапасы өте нашар екенін мәлім етті.


Сапасыз оқулық дайындағандар жауапқа тартылады: Президент тапсырмасы

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз оқулық дайындайтындардың жауапкершілігін заңнамалық түрде бекітуді тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.


«Елімізде оқулықтардың сапасы мәселесі жиі көтеріледі. Білім сапасы айналып келгенде оқулықтың сапасына байланысты. Бұл – аксиома. Сол себепті ғылыми-практикалық сараптамаға қойылатын талапты едәуір арттырып, оқулықтардың апробациясын түпкілікті түрде көтеру керек. Бұл – Білім және ғылым министрлігінің міндеті. Мен тіпті оны басымдыққа ие тапсырма деп айтар едім», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.


Мемлекет басшысы Қазақстанда қазіргі таңда оқулықтардың сапасы өте нашар екенін мәлім етті.


«Заңнамалық түрде сол оқулықтарды жазатын адамдардың жауапкершілігін бекітуді тапсырамын. Нашар оқулық дайындадың ба, жарамай қалды ма – оны жазған адам жауапкершілігін көтеруі керек. Басқаша болмайды», - деді Президент.