Сәтпаевтағы итке таланған бала: Әкімдік қайғылы оқиғаға қатысты түсінік берді

0
704

Әкімдік марқұм баланың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектеседі.


Сәтпаевтағы итке таланған бала: Әкімдік қайғылы оқиғаға қатысты түсінік берді

ERNUR.KZ. Сәтбаев қаласында 6 жасар қыз итке таланып, қайтыс болды. Қала әкімдігі марқұм баланың отбасының жағдайы нашар екенін айтты, деп жазады zakon.kz.

Үш баласы бар 1993 жылғы әйел қала шетінде орналасқан саяжайдағы үйлердің бірінде азаматтық некедегі ер адаммен бірге тұрған. Бұл отбасы полиция бөлімінде есепте тұр, жағдайы нашар отбасы ретінде тіркелген. Балалар білім бөлімінің қамқоршылық бөлімінің бақылауында. Қазіргі уақытта екі бала "Қамқор" әлеуметтік оңалту орталығына уақытша орналастырылды. Қайғылы оқиға болған күні баланы анасы зейнет жасындағы досына қарауға тастап кеткен, - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Бұл отбасыға әкімнің орынбасары Дәуір Жүнісбеков барғаны айтылады. Әкімдік марқұм баланың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектеседі.

Бір күн бұрын, 15 қарашада, 6 жасар қызды иттер талап, қайтыс болды. Полиция баланың ересектердің қарауынсыз қалғанын және оны иттердің қоршауында қалғанын айтты. Тергеу амалдары басталды. Ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі де қаралуда. Ветеринарлық қызметке жабайы итттерді аулауға тапсырыс берілді.