Саяси лауазымда отырған Президент туыстары қызметінен кетеді

0
703

​​Конституцияға Президенттің жақын туыстарының жоғары лауазымдарға отыруына тыйым енгізіледі.


Саяси лауазымда отырған Президент туыстары қызметінен кетеді

ERNUR.KZ. Заң күшіне енгеннен кейін Президент туыстары лауазымдарын босатады. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Министрлер мен олардың орынбасарлары жайында айтқанымда кейбір лауазымдарды ғана атап өткен едім. Жалпы, Конституцияға Президенттің жақын туыстарына саяси лауазымдарға орналасуына тыйым енгізіледі. Саяси лауазымдардың тізімі барынша кең. Оған белгілі бір дәрежедегі дипломатиялық қызметкерлер де кіреді. Оларды толық тізіп шыққан жоқпын. Саяси лауазымдарды тізімі ашық, қолжетімді. Сондықтан кез келген адам қарап, қорытынды шығара алады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Осы ретте Қанат Мусин БАҚ өкілдерінің Президенттің жақын бір туысының шет мемлекетте Елші қызметін атқарып жүргеніне қатысты сауалына жауап берді.

«Мұндай тыйым енгізілгеннен кейін барлығы заңнамаға сәйкес келтіріледі. Ол бұл лауазымды босатады. Өйткені, заңға сәйкес ол бұл қызметті атқара алмайды», - деді ол.