Республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
10 ақпан сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының нашарлауына байланысты сегіз облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Абай облысы – 1 учаске (111 км)
"Алматы-Өскемен" "Семей-Ресей Федерациясы" км. 2-113, Семей қаласы-Ресей Федерациясының шекарасы – 111 км.
Ақтөбе облысы – 5 учаске (798 км)
- "Самара-Шымкент" км. 773-855, Беккүл Баба уч.-Хромтау қ.- 82 км.
- "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" км. 0-234, Қарабұтақ-Қостанай облысы-234 км.
- "Самара-Шымкент" км. 965-1240, Қарабұтақ кенті Қызылорда облысы-275 км.
- "Самара-Шымкент" км. 855-965, Хромтау уч. - Қарабұтақ кенті.– 110 км.
- "Ақтөбе-РФ(Орск)" км. 39-136, Шәмші Қалдаяқов-РФ гр. - 97 км.
Шығыс Қазақстан облысы - 1 учаске (18 км.)
"Өскемен-Шемонайха-РФ гр." км.105-123, Шемонайха-РФ-18 км.
Қарағанды облысы – 1 учаске (16 км)
"Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы" км. 0-16, Пришахтинск-Новостройка-16 км.
Қостанай облысы-3 учаске (352 км)
- "Жезқазған-Петропавл" 252-335, Ұлытау облысы-Арқалық қаласы-83 км.
- "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 234-386, Ақтөбе облысы-Денисовка кенті-152 км.
- "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 386-503, Денисовка-Рудный. – 117 км.
Қызылорда облысы - 1 учаске (562 км)
"Самара-Шымкент" 1802-1240 Ақтөбе облысы-Қызылорда қаласы - 562 км.
Солтүстік Қазақстан облысы-2 учаске (134 км)
- "Екатеринбург-Алматы" 834-856, Чистополье-Ақмола облысы-22 км.
- "Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское"116-228, Молодогвардейский-Рощинск-112 км.
Ұлытау облысы - 1 учаске (115 км)
"Жезқазған-Петропавл" 137-252, Ұлытау-Қостанай облысы-115 км
"Қазавтожол" деректері бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда 404 бірлік техника мен 620 адам жұмылдырылды.