Семейде Абайдың 175 жылдығына дайындық басталып кетті

0
1 144

Қала әкімдігі басшылары мерейтойға байланысты шетелдерден келетін туристерге толыққанды заманауи қызметті көрсету жөнінде ақпар беру үшін арнайы құрылған жұмыс тобымен рейд өткізді.


Семейде Абайдың 175 жылдығына дайындық басталып кетті

ERNUR.KZ. Семейде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында бірқатар жұмыстар легі басталып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгінде мемлекеттік стандарт қабылданған. Соған сәйкес, жол жиегінде орналасқан асханаларға санитарлық талаптарға сай болуы міндеттеледі. Сондай-ақ, кәріз жүйелері қосылып, ыстық сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Осыған орай, қала әкімдігі басшылары келушілерге толыққанды заманауи қызметті көрсету жөнінде ақпар беру үшін арнайы құрылған жұмыс тобымен рейд өткізді.

«Бүгін біз осы жағдайларды алдын алу мақсатымен обьектілер иелеріне консультативті түрде көмек көрсеттік. Арнайы құрылған жұмыс тобымен бірге, яғни СЭС мекемесі, ТЖ мекемесі және салалық бөлімдермен бірігіп, Өскемен трассасы бойындағы бірнеше обьектілерде болдық. Олар «Боранды бекет«, «Терең-құдық«, «Файза«, «Перекресток«, «У Витька«. Кейбір асханалар келушілер үшін қолайлы жағдай жасап, барлық санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жұмыстарын жүргізіп, кәріз жүйелерін тарттырған. Ал басқалары енді кірісіп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.Олар жұмысты жылдың соңына дейін толық аяқтаймыз деп сендірді»,-дейді Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің туризмді дамыту секторының меңгерушісі Азамат Амангелдіұлы.

Жоғарыда атап өткендей, келер жылы мерейтойға байланысты шетелдерден туристер келеді. Оларға толық мүмкіншілік жасалып, сервистік қызмет көрсету деңгейін арттыру көзделіп отыр.