Семейде қаңғыбас жануарларға арналған арнайы орын салынады

0
425

Қазіргі уақытта Абай облысының ветеринария басқармасы қажетті конкурстық рәсімдерді жүргізуде.


Семейде қаңғыбас жануарларға арналған арнайы орын салынады

ERNUR.KZ. Абай облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және ұстау мәселелерін шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz.

2023 жылы "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңын орындау үшін Абай облысының әкімдігі жануарларды аулауға және ұстауға 79 млн. теңге сомасында қаржы қаражатын көздеді. Сонымен қатар, қаңғыбас иттер мен мысықтарды зарарсыздандыруға 6 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта Абай облысының ветеринария басқармасы қажетті конкурстық рәсімдерді жүргізуде.

Сонымен қатар, Семей қаласында қаңғыбас жануарларды аулау және ұстау бағдарламасы аясында 2000 орындық арнайы орын салу жоспарланған, қазірдің өзінде ауданы 3 га жер учаскесі анықталған.