ШҚО-да коронавирус өршіп тұрса да, танымал балуандар тойда жүр (видео)

0
714

«Қазақстан барысы» атанған балуандар Семейде өткен тойға қатысты.


ШҚО-да коронавирус өршіп тұрса да, танымал балуандар тойда жүр (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Семей қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен үйлену тойының видеосы тарады. Видеодан қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздары - Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновты көруге болады. Сондай-ақ ән салып тұрған танымал әнші Нұрболат Абдуллинді де байқайсыз, деп жазады Azattyq Rýhy.

ШҚО Полиция департаментінің өкілдері аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.

«7 қарашада сағат 17:30-да арнайы бақылау тобы жүргізген рейд барысында Бегалин көшесінде орналасқан «Салтанат Сарайы» мейрамханасында той өткені анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша материалдар жиналып, процессуалдық шешім шығару үшін қалалық санитарлық-эпидемиялық қызметке жолданды», - деді полицейлер.

Еске сала кетейік, танымал балуан, Семей көлік колледжінің директоры Айбек Нұғымаров осыдан 4 ай бұрын коронавирус жұқтырғанын айтқан еді.