Семейде жас жігіт 16-қабаттан секіріп кетті

0
458

Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған.


Семейде жас жігіт 16-қабаттан секіріп кетті

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Семейде жас жігіт 16-қабаттан секіріп, қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған. Автор оқиға кешкісін болғанын айтады.

Қаланың полициясы ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі ("өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды.

"Қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп мәлімдеді полициядағылар.