Әкімнің айтуынша, бір сағаттың ішінде көптеген мәселелерді көруге болады.
ERNUR.KZ. Семей әкімі қала көшелерін велосипедпен аралап жүр, деп жазады altaynews.kz.
Жұмыс уақытын таңғы 6:00-ден бастаған Ермак Сәлімов орынбасарлары мен әкімдіктегі бөлім басшыларын жинап Юность ауданына барып қайтты.
Қала көшелерін шарлаған әкім, тұрғындармен жолығып арыз-тілектерін тыңдады. Қоқыс шығару мәселесі ушығып тұрған аудандарды суретке түсірді. Әкімнің айтуынша, бір сағаттың ішінде көптеген мәселелерді көруге болады.
Әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен әкімнің әрекеті жұртшылықты сүйсіндірді.