Сенат Есеп комитетінің мүшесін лауазымынан босатты

0
451

Т. Жақан Есеп комитетінің мүшесі болып 2016 жылы 16 қыркүйекте Сенаттың қаулысымен тағайындалды.


Сенат Есеп комитетінің мүшесін лауазымынан босатты

ERNUR.KZ. Сенаттың жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Сенат тағайындаған мүшесі Талғат Жақанның өкілеттігі тоқтатылып, лауазымынан босатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечинаның айтуынша, комитет Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрайымының Есеп комитетінің Сенат тағайындаған мүшесі Талғат Амангелдіұлы Жақанның басқа жұмысқа ауысуы туралы өзі берген өтінішіне байланысты өкілеттігін тоқтату және лауазымынан босату туралы ұсынысын қарап шықты.

Т. Жақан Есеп комитетінің мүшесі болып 2016 жылы 16 қыркүйекте Сенаттың қаулысымен тағайындалды.

«Есеп комитетіндегі қызметі кезінде ол өзін жауапты әрі білікті басшы ретінде көрсетті. Оның жетекшілігімен ұлттық холдингтер мен компаниялардың, Ұлттық қордың тиімділігінің аудиті жүргізілді. 31 тамызда Талған Амангелдіұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босату туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атына өтінім берді», - деді О. Перепечина.

Талқылау барысында палата депутаттары аталған ұсынымға қолдау білдірді.