Сенат волонтерлік қызметті дамытуға арналған заңды қабылдады

0
480

Онда азаматтардың қайырымдылық пен волонтерлікке жүйелі негізде қатысуын ынталандыру көзделген.


Сенат волонтерлік қызметті дамытуға арналған заңды қабылдады

ERNUR.KZ. Парламенттің жоғары палатасының депутаттары волонтерлік қызметті одан әрі дамытуға арналған заңды қабылдады. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл заң бірқатар қоғамдық қатынасты реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіретінін айтты, деп azattyq-ruhy.kz.

«Осы заң арқылы азаматтардың қайырымдылық пен волонтерлікке жүйелі негізде қатысуын ынталандыру көзделген. Сондай-ақ бұл құжат осындай әлеуметтік пайдалы қызметпен айналысу мәдениетін дамыту үшін қолайлы құқықтық орта қалыптастырады. Заңда гранттық қаржыландыру процесінің ашықтығын, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін және олардың тұрақты дамуын арттыруға арналған нормалар бар. Сонымен қатар халыққа дәрілік заттар мен медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін құқықтық шешімдер белгіленген. Алдағы уақытта бұл Заң елімізде қайырымдылық пен волонтерлік қызметті одан әрі дамытуға оң септігін тигізеді деп сенеміз», – деді Сенат Төрағасы.

Сонымен қатар, Палата отырысында депутат Нариман Төреғалиев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұған дейін осы қызметті атқарған Бейбіт Исабаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Жетісу облысының әкімі болып тағайындалғаны белгілі. Соған байланысты Орталық сайлау комиссиясының Қаулысына сәйкес оның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.