Сенатта қашықтан жұмыс істеу туралы заң жобасы қаралды

0
384

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.


Сенатта қашықтан жұмыс істеу туралы заң жобасы қаралды

ERNUR.KZ. Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы болып, онда сенаторлар Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Заң жобасы қашықтан жұмыс істеу түрін құқықтық реттеуге бағытталған. Осы құжатты қабылдағаннан кейін қызметкерлер жұмыс берушімен келісім бойынша қашықтан жұмыс істей алады. Жұмыс беруші қашықтан жұмыс істеуді немесе аралас қашықтан жұмыс істеуді төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай, карантин жарияланған кезеңде және басқа да жағдайларда уақытша белгілеуге құқылы.

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау – заң жобасының негізгі міндеттерінің бірі. Атап айтқанда, жұмыс беруші қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерін қажетті жабдықтармен, ақпараттандыру объектілерімен, байланыс қызметтерімен және басқа құралдармен қамтамасыз етуге міндетті деп жазылған. Ал қашықтан жұмыс істеу кезіндегі жалақы еңбек шартында көрсетілген жұмыс көлемін орындау кезінде толық мөлшерде төленуі керек.