Серік Сәпиев Спорт және дене шынықтыру комитетін 2019 жылдың 30 қаңтарынан бастап басқарды.
ERNUR.KZ. Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.
"Достар! Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен кетуге шешім қабылдадым. Қызметте жүргенде көмектескен басшылар мен әріптестеріме алғыс айтамын! Спортта қаламын", - деді Серік Сәпиев әлеуметтік желіде.
Серік Сәпиев Спорт және дене шынықтыру комитетін 2019 жылдың 30 қаңтарынан бастап басқарды. Бұған дейін оның жұмыстан босатылғанын министрлік растаған.