"Шара қолдану керек" – Аймағамбетов «Серпін» бойынша оқып, аулына қайтып кететін жастар жайлы

0
961

Министрдің айтуынша, «Серпін» бағдарламасы бойынша нақты механизм бар.


ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Серпін» бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жалпы, «Серпін» бағдарламасы бойынша ынтасы бар студенттер жақсы оқып жатыр. Жалпы, көрсеткіш жаман емес. Әлбетте, кейбір жерде «Серпін» бағдарламасымен білім алғаннан кейін өз ауылына барып, жұмыс істеймін дейтін мысалдар баршылық. Бірақ, бәрін біркелкі қылып, ауылға кетіп жатыр деп айта алмаймыз», - деді деді Білім және ғылым министрі Үкімет отырысынан кейін тілшілердің алдында.

Министрдің айтуынша, «Серпін» бағдарламасы бойынша нақты механизм бар.

«Механизм бойынша балалар оқуға түскен кезде тиісті келісімшартта қол қояды. Сол келісімшартта барған өңірде жұмыс істеу бойынша жауапкершілік жазылған. Сол келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізу керек. Тиісті талапты орындамай жатқан жастарға қатысты тиісті шара қолдану керек. Заңнамада бәрі жазылған ғой», - деді Асхат Аймағамбетов.