Шарын шатқалында селмен ағып кеткен оқушы қыз табылды

0
763

Кеше Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын.


Шарын шатқалында селмен ағып кеткен оқушы қыз табылды

ERNUR.KZ. Шарын шатқалында жүрген сел салдарынан із-түзсіз жоғалған оқушы қыз табылды. Бұл жайында ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Шарын шатқалы» қызметкерлері Шарын өзенінің бойын жағалай жер бетінде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында сағат 09-34-те 2010 жылы дүниеге келген қызды тапты. Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орын алған жерден 3-4 шақырым қашықтықта болған. Қазіргі уақытта Республикалық жедел құтқару отряды мен Алматы облыстық төтенше жағдайлар депаратаментінің жедел құтқару бөлімінің құтқарушылары дәрігерге дейінгі алғашқ медициналық көмек көрсетуде», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, зардап шеккен оқушы қызға медициналық көмек көрсету үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-ның авиациялық техникасымен Алматы қаласының ауруханаларының біріне жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Ал бүгін еліміздің Білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім еткен еді.