Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келді

0
574

Мәртебелі мейманның құрметіне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында құрметті қарауыл сап түзеді.


Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келді

ERNUR.KZ. 5 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев келді, деп жазады baq.kz.

Мәртебелі мейманның құрметіне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында құрметті қарауыл сап түзеді.

Мирзиеевті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Көшбасшылар арасында шағын әңгіме өрбіді.

Бұл Өзбекстан президентінің осы лауазымға қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы мемлекеттік сапары. Сапар аясындағы негізгі іс-шаралар дүйсенбі күні басталады,- деп жазды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық алмасуларды кеңейту мәселелері талқыланады.

Сондай-ақ екі ел басшысы аймақтық және халықаралық саясат бойынша пікір алмасады.

Келіссөздер нәтижесінде 20-дан астам екіжақты құжатқа қол қою жоспарлануда.