Шенеунік тікелей эфирде "Бесит, на" дегені үшін сөгіс алды

0
666

Жеке ұйым өкілдері оның видеоконференция кезінде былапыт сөз қолданғанына шағымданған.


Шенеунік тікелей эфирде

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының Әдеп жөніндегі кеңесі Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бисенғали Хайруллинге қатысты істі қарады, деп жазады Tengrinews.kz.

Жеке ұйым өкілдері оның видеоконференция кезінде былапыт сөз қолданғанына шағымданған.

Электрон қосымшалардың бірі арқылы өткен видеоконференцияға БҚО әкімінің орынбасары да қатысқан. Онда жеке компанияға құмды шұңқырды игеруге рұқсат беру мәселесі қаралған.

"Бисенғали Хайруллин былапыт сөздер айтты. Ол төрт рет "на" тіркесін қолданды."Бесит, на", "Пошел, на", "Пришел, на" деген контекстте. Қайта соңын айтқан жоқ. БҚО әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев шенеунікке ескерту жасады. Хайруллин бұл сөзді конференцияға қосылу барысында туындаған ақауға қатысты, өз қызметкерлеріне бір рет айтқанын мойындады", - деді БҚО Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Ғалым Тұрсынбаев.

Шенеунік конференцияға жиылғандар оны дұрыс түсінбегенін айтты. Бисенғали Хайруллиннің айтуынша, Жайық өзені маңындағы карьерді игергісі келетін жеке компания өкілдері оның үстінен шағым түсірген.

"Конференция видеобайланыс арқылы өтті. Оған қосылу кезінде дыбысқа қатысты проблемалар болды. Басқа кеңсеге көшуге мәжбүр болдық. Іс-шараның бұзылуына себеп болған қызметкерлерге ашуланып, "Бесит, на" дедім.
Ол компаниямен сот процестері жүріп жатыр. Олар Ақсуат ауылы маңындағы карьерді дамытуға рұқсат сұрап отыр. Бірақ біз қарсы болдық. Онда 436 түп қарағай бар. Экологтар бізді қолдайды", - деді Бисенғали Хайруллин.

Талқылау нәтижесінде Әдеп кеңесі шенеунікке қатаң сөгіс жариялауды ұсынған. Сондай-ақ, оған қайталанған жағдайда қызметінен босатылатыны ескертілген.