Шешімді ректор емес, директорлар кеңесі қабылдайды

0
845

Еліміздің ең ірі 28 мемлекеттік жоғары оқу орны коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде қайта құрылып, корпортивті басқару жүйесіне көшті.


Шешімді ректор емес, директорлар кеңесі қабылдайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Былтырдан бері басты шешімді директорлар кеңесі қабылдайды, ал ректор қабылданған шешімді іске асыруды қамтамасыз етеді", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің мәлімдеуінше, ректорларды тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіліп, конкурстық жүйе арқылы ректорлар корпусының 50%-нан астамы жаңартылды.

"Конкурстық тәртіптің арқасында университет басшылығына халықаралық тәжірибесі мен мол ғылыми әлеуеті бар әлемнің үздік жоғары оқу орындарының түлектері және "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары тағайындалды. Бұған қоса провост институты құрылып, оқу орындарының қадр резерві де жасақталды. Басқару жүйесінің трансформациясы университеттерде инновациялық менеджементтің дамуына әсер етеді", – деді Асхат Аймағамбетов.