"Шешіндіріп, тірідей көміп тастады": Қостанайда қыздарды секс-құлдықта ұстаған

0
4 613

Аталған оқиғаға қатысты сот жабық тәртіпте өтіп жатыр.


Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қостанайда жиырмадан аса қыз секс-құлдықтан зардап шеккен. Оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар. Олардың мұндай жағдайға қалай тап болғаны белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

«Дамыту» қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюк құлдыққа отбасылық немесе қаржылық проблемалары бар қыздар тартылғанын айтты. Сонымен қатар, жас қыздарды арам пиғылдыларға олардың жігіттері сатып жібергені де анықталған.
Жәбірленушілердің бірінің сөзінше, ол құлдыққа 20 жасында тап болыпты. Бұған дейін Қостанай облысында күйеуімен, баласымен бірге тұрған екен. Алайда күйеуі қайтыс болғаннан кейін қалаға жұмыс іздеп барған. Сол кезде бір жігіт жұмысқа орналасуға көмектесетінін айтады.

Жәбірленушінің айтуынша, жігіт оны притонға алып келгенде ғана қандай жұмыс ұсынғанын түсінген. Алайда, ол жерден кете алмапты. Әйел сол жерде өздерін қорқытып, қоқан-лоққы көрсетіп, ұрып-соғып ұстағандарын айтады. Тіпті, қашып кетпек болғандарды жазалаған екен. Мұндай жағдайды өзі де бастан кешіпті.

«Олар мені ұстап алғаннан кейін орманға алып барды. Қазан айы еді. Олар мені жер қазуға мәжбүрледі. Жерді қазып болғаннан кейін, шешінуге бұйрық берді. Артынша мені сол шұңқырға жатқызып, қар аралас топырақпен көміп тастады», - дейді әйел.

Артынша әйелді жатқан жерінен қазып алған екен.

Аталған оқиғаға қатысты сот жабық тәртіпте өтіп жатыр.