Шет елге жарты триллион теңгедей ақша «ағып кетті»

0
1 665

Былтыр қазақстандықтар шет елге жарты триллион теңгеден астам қаржы аударыпты. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 30%-ға көп.


Шет елге жарты триллион теңгедей ақша «ағып кетті»

Былтыр қазақстандықтар шет елге жарты триллион теңгеден астам қаржы аударыпты. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 30%-ға көп. finprom.kz

Бір аударымның орташа чегі шамамен 200 мың теңгені құраған.

Қазақстаннан өзге мемлекеттерге аударылған қаржы көлемі 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 496,6 млрд теңге, Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 29,9% көп. Ал, 2016 жылы бұл көрсеткіш оның алдындағы мерзіммен салыстырғанда 14,1%, өсіп, 382,2 млрд теңгеге жеткен еді.

Түрлі ақша аудару жүйесі арқылы жасалған транзакциялар мөлшері де былтыр 17%-ға артып, 2,5 млн теңгеге жеткен.