Сан-Францискодағы шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады.
ERNUR.KZ. Сан-Францискода қазақстандықтар үшін соңғы сайлау учаскесі жабылды, деп жазады zakon.kz.
Сан-Францискодағы шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады. Сайлаушылардың келуі 74% құрады, - делінген ресми ақпаратта.
Қазақстанда 19 наурыз күні сағат 07:00-де Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша сайлауға 54,19 пайыз, яғни 6 521 860 адам қатысқан.
Қазақстан халқы Мәжілістің 98 депутатын сайлады, оның 69-ы партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланды.
Оқи отырыңыз