Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады

0
593

Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті.


Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады

ERNUR.KZ. Сан-Францискодағы шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады, деп жазады baq.kz.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, соңғы сайлау учаскесіне сайлаушылар 100% келген.

Айта кетейік, Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, кеше, 20-қарашада сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы деген сөз. Ал 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берген.

Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді.