Шетелден әкелінген 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды - ІІМ

0
639

Осы жылдың 23 қаңтарынан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жүргізуде.


Шетелден әкелінген 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды - ІІМ

ERNUR.KZ. Шетелден әкелінген 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп жазады stan.kz.

"Ішкі істер министрлігі басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 23 қаңтарынан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жүргізуде. Өтініштер барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және электрондық сервис арқылы қабылданады. Сондай-ақ азаматтарға арналған электрондық үкімет порталында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді", – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Комитет төрағасының сөзінше, заңдастырудың негізгі критерийлерінде көлік құралының сәйкестігін алдын ала тексеру процесі толық автоматтандырылған. Қылмыстық есеп, кедендік база және басқа да ақпараттық жүйелер бар.

"Осы жылдың 23 қаңтары мен 26 наурызы аралығында 69 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды. Оның ішінде 67 пайызы – Ресей Федерациясынан, 19 пайызы – Армениядан, шамамен 10 пайызы – Қырғызстаннан, 2 пайызы – Грузиядан", – деді Қайсар Сұлтанбаев.