Шетелден келген қазақстандықтар ПТР қорытындысын 5-6 сағат өткен соң алады

0
821

ПТР тест тапсыру туралы анықтама қағаз үлгісінде де, электрондық тасымалдаушыда да (смартфон) жарамды.


Шетелден келген қазақстандықтар ПТР қорытындысын 5-6 сағат өткен соң алады

ERNUR.KZ. 22 қазан түнінде 10 халықаралық рейспен 1383 жолаушы келген. Соның ішінде 1230 жолаушының ПТР-анықтамасы болса, қазақстандық 153 адамның тиісті анықтамасы болған жоқ. Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Түркиядан Шымкентке келген барлық әуе жолаушыларының COVID-19 вирусына тапсырған ПТР-анықтамалары болды. 10 халықаралық әуе рейсі, 1383 жолаушы ұшып келді. Соның ішінде 1230 адамның анықтамасы бар болса, Қазақстанның 153 азаматы анықтамасыз ұшқан, соның ішінде: Нұр-Сұлтанға – 3 әуе рейсі келді, онда 398 жолаушысы болған, анықтамамен – 361 адам, анықтамасыз – 37 адам. Алматы қаласына ұшып қонған 6 әуе рейсімен 899 жолаушы келген. Соның ішінде 783 адамның анықтамасы бар болса, 116 адам анықтамасыз ұшып келді», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Оның айтуынша, Қазақстанға арнайы анықтамасыз ұшып келген ел азаматтары ПТР талдау тапсыру үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тегін карантиндік стационарларға жатқызылады.

«Карантинге жатқызылған Қазақстан азаматтары ПТР қорытындысын талдау тапсырылған кезден 5-6 сағат өткен соң алады. Жолаушылар халықаралық әуе рейстерімен БАӘ, Түркия, Украина, Беларусь, Ресейден ұшып келген еді. ПТР тест тапсыру туралы анықтама қағаз үлгісінде де, электрондық тасымалдаушыда да (смартфон) жарамды», - деп толықтырды ол.