Шетелдіктер 13-ші қабаттан секірген қазақстандық полицейдің әрекетіне таң қалды

0
986

Полиция қызметкері қашқан педофилдің артынан 13 қататтан секіріп кеткен.


Шетелдіктер 13-ші қабаттан секірген қазақстандық полицейдің әрекетіне таң қалды

ERNUR.KZ. Алматыда педофилдің артынан қуып жүріп, 13 қабаттағы терезеден секірген полиция қызметкерінің жанкешті әрекеті шетелдіктердің таңқалдырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстандық полиция қызметкерінің әрекеті туралы пікір қалдырған шетелдіктер оны «Нағыз батыр!», «Шынайы полиция қызметкері!», «Супер-коп!» - деп атады.

Полиция қызметкерінен алған интервьюді ондаған халықаралық БАҚ жариялаған. Олардың арасында британдық Daily Mail де бар. Басылым интернет-порталында бұл туралы көлемді материал жариялады. Мақалада Алматы қаласында педофилді ұстаудың егжей-тегжейлері жазылды.

«Полиция майоры Бақытжан Бәкіров күдіктінің артынан қуып келе жатқан. Қылмыскер 13 қабаттағы терезеден секіріп кеткен. Осы кезде қылмыскердің артынан полиция майоры да секірген. 13 қабаттан 1 қабат төмен террасса тұрған. Тәртіп сақшысы аяғының жарақатына қарамастан, көмекке әріптесі Мейір Несіпбай келгенше ұстап күдіктіні жібермей ұстап отырған», - деп жазады Daily Mail.

Қазақстандық ержүрек полицейдің әрекетіне әлемнің түрлі елдеріндегі оқырмандар таңғалып, қолдау блдіріп жаттыр. Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Испания, Индонезия, Швеция, Филиппин және басқа елдердің тұрғындары қазақстандық тәртіп сақшысы туралы талай жақсы ой-пікірін қалдырды. Олардың барлығы Бақытжан Бәкіровке тезірек сауығып, қызметіне оралуға тілектестігін білдірді.

Өз пікірерін білдірген кейбір шетелдіктер өз елдеріндегі жергілікті тәртіп сақшыларына батылдық жетіспейтінін жазды. «Біздің полицияның осындай әрекетке барғанын көзіме елестете алмаймын», «Нағыз коп. Ұлыбританиядағыдай емес», - деп жазды портал оқырмандары.

АҚШ-тағы оқырмандар қазақстандық полицейдің Америкадағы әріптестеріне полицияның нағыз офицері қалай жұмыс істеу керектігін көрсетсе деген тілегін білдіріпті.

Қазақстандық полиция қызметкері туралы жаңалық ағылшын, испан, араб, қытай және тағы басқа тілдерде жарық көрген. Оқырмандардың көбі Бақытжан Бәкіровтің қаһармандығына таңданысын жасырмады. Оған қоса, тәртіп сақшысының алты баласы өсіп келе жатқаны туралы ақпарат ерекше таңқалдырған.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Ерлан Тұрғымбаевтің бұйрығымен Бақытжан Бәкіров «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін» медалімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.