Шетелдіктер Қазақстанға кіру үшін 10 мың доллардан жалған паспорт сатып алған

0
741

Жалған құжат ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды.


Шетелдіктер Қазақстанға кіру үшін 10 мың доллардан жалған паспорт сатып алған

ERNUR.KZ. Алматы әуежайында жалған құжатпен елге кірмек болған шетелдіктер ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің мәліметінше, Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжат ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталған.

Жүгін тексеру кезінде олардың нақты паспорттары табылды.

Алдын ала деректер бойынша, олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған.

Бір жалған төлқұжаттың құны - 10 мың АҚШ долларын құраған.

Жалған құжаттар тәркіленді.

Оларды елден депортациялау мәселесі шешіліп жатыр.