ШҚО-да 50 ақбөкен қырып тастағандар бостандықта жүр

0
1 713

Жануарлар ШҚО Жанғалы ауданын тору кезінде анықталған.


ШҚО-да 50 ақбөкен қырып тастағандар бостандықта жүр

ERNUR.KZ. "Охотзоопром" инспекторлары Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп атылған 50 ақбөкен мен олардың мүйізін анықтаған, деп жазады tengrinews.kz.

Жануарлар 30 қаңтарда сағат 19:15 шамасында ШҚО Жанғалы ауданын тору кезінде анықталған. Оқиға орнына Жанғалы аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу қызметкерлері келді.

"Оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған. Бүгін "Охозоопром" инспекторлары рейд кезінде атылған 50 ақбөкеннің мүйізін анықтаған. Полиция қылмыскерлерді іздестіріп жатыр. Қылмыскерлер табылып, тиісті жазасын алады деп сенемін", - дейді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter желісіндегі парақшасында.