ШҚО-да бүлдіршіннің саусағы айналмалы карусельде қысылып қалған

0
5 668

Келгеннен кейін ойын алаңындағы карусельдің білігі мен мойынтірегі арасында саусақтың тұрып қалғаны анықталды.


ШҚО-да бүлдіршіннің саусағы айналмалы карусельде қысылып қалған

ERNUR.KZ. ШҚО-да бүлдіршін саусағын айналмалы карусельде қысып, Төтенше жағдайлар департаменті қызметіне жүгінуге тура келген. Құтқарушы мамандар карусельді қоршап, қалпына келтіру мәселесімен әкімдікке жүгінді, деп жазады Stan.kz

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, баланың саусағын құтқарушылар келіп, босатуға тырысқан. Келгеннен кейін ойын алаңындағы карусельдің білігі мен мойынтірегі арасында саусақтың тұрып қалғаны анықталды.

“Құтқару операциясы 15 минутқа созылды. Мойынтіректі карусель корпусының білігінен шығару үшін кездейсоқ құралдар пайдаланылды. Қолын босатқаннан кейін бала жедел жәрдемге жіберілді. Құтқарушылар сынған әткеншекті арнайы таспамен қоршап, оны қалпына келтіру жөнінде әкімдікке хабарласты”,- делінген хабарламада.