ШҚО-да қазақтардың үлес салмағы күрт өсіп келеді

0
2 814

Дерекке сүйенсек, өңірдегі жаңа туған балалардың 80 пайызының ұлты - қазақ.


ШҚО-да қазақтардың үлес салмағы күрт өсіп келеді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында бала туу көрсеткіші бұрынғыдан артты. Табиғи өсім бар, деп жазады zakon.kz.

Дерекке сүйенсек, өңірдегі жаңа туған балалардың 80 пайызының ұлты - қазақ.

Ұлттық статистика департаментінің ақпараты бойынша, былтыр 22 543 нәресте дүниеге келді. 16 655 адам қайтыс болды. Яғни, табиғи өсім – 5 888 адам. Бұл - алдыңғы жылдан 2,7% көп көрсеткіш.

Жаңа туған балалар арасындағы қазақтардың үлес салмағы – 77%, орыстар – 20%, немістер мен татарлар 1%-дан. Дүниеге келген нәрестелердің 51,8%-ы ұл, 48,2%-ы қыз. Жалпы облыста, биылғы есеп бойынша, 1 363 656 адам тіркелді, – дейді қалалық әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ольга Манохина.

Оның айтуы бойынша, бала туу көрсеткіші Абай, Зайсан, Көкпекті, Ұлан және Шемонаиха аудандарында, алдыңғы жылмен салыстырғанда, төмендегені байқалды.

Риддер қаласы, Глубокое, Шемонаиха және Алтай аудандарында халық саны табиғи түрде кеміді. Басқа өңірлерде, соның ішінде жоғарыдағы бала туу көрсеткіші төмендеді деген аудандарда да, табиғи өсім бар, – дейді Манохина.

Оның айтуынша, қайтыс болғандар санының 52,7%-ы – ерлер, 47,3%-ы – әйелдер.