Әсіресе 9-14 қаңтар аралығында тауға шығу қауіпті болмақ.
сурет:mukachevo.net
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанның таулы ауданына көшкін түсіп, қар жолды жауап қалды, деп жазады ҚазАқпарат.
Кеше кешке Глубокое ауданының Өскемен-Северное бағытындағы жолда көшкін түсіп, 4,3 мың текше метр қар жолды жауып қалған.
«Зардап шеккен адам немесе бүлінген техника жоқ. Қарды аршуға 3 техника жұмылдырылды. Көшкіннің түсуіне толассыз қардың соңы жылымыққа айналып, арты бұрқасынға ұласуы себепші болған» - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратында.
«Қазселденқорғау» мекемесі қыс ортасында аяздың сынуы таулы аудандарды көшкін қаупін тудырып отырғандығын ескертуде. Әсіресе 9-14 қаңтар аралығында тауға шығу қауіпті болмақ.