​ШҚО-да полицей формасын киген алаяқ әйел ұсталды

0
2 084

Қазіргі уақытта ұсталған әйел Өскеменнің тергеу изоляторында.


​ШҚО-да полицей формасын киген алаяқ әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында полицей формасын киіп, біреудің үйін жалға беріп жүрген алаяқ әйел ұсталды, деп жазады Алтайньюс.

Павлодар полицейлері ШҚО-дағы әріптестестерімен біріге отырып алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ШҚО-ның 34 жастағы тұрғынын ұстады. Ол әйел тұрғындарды алдап, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып жүрген, – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаменттің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұсталған әйел Өскеменнің тергеу изоляторында.

ҚР қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деді облыстық полиция департаменті.

Тәртіп сақшыларының айтуына қарағанда, алаяқ әйелдің психологиялық тұрғыда сенімді әрекет еткені сондай, тұрғындар оның бірде-бір сөзіне шүбә келтірмеген. Осы жылдың тамыз айында павлодарлық 20 жастағы екі бойжеткен алаяқтың қармағына ілікті.

Алаяқ әйел біреудің үйін бірнеше тәулікке өзі жалға алып, тура сол күні хабарлама беріп, үйді басқа біреулерге ұзақ мерзімге жалға беріп отырған. Алданғандардың айтуына қарағанда, алаяқ өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған. Шұғыл қызметке кетуі керек екенін айтып, 60 мың теңге пәтерақыны жарты сағат ішінде төлеңдер деген. Қыздар келісілген уақытта ақша әкеліп, жалға алу келісім шартын толтырған. Олар пәтердің тәулік бойынша ғана жалға берілетінін білгенде барып, әлгі «полицей» әйелдің сан соқтырып кеткенін түсінген. Дәл сол күні алаяқ әйел сол пәтерді қыздардың тағы бір құрбыларына жалға бермек болған.