ШҚО-да жанып кеткен көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды

0
614

Оқиға Алтай ауданы, Октябрьский ауылында болды. Матросова мен Энгельс көшелерінің қиылысынан өртенген "Mazda" табылды.


ШҚО-да жанып кеткен көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы yknews.kz парақшасында хабарлады, деп жазады Экспресс К.

"Өрт сөндірілгеннен кейін көліктен ер адамның денесі табылды. Аталған дерек бойынша ҚК-тің 204-бабы, 2-бөліміне (Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру, отпен немесе қауiптiлігі жоғары өзге де көздермен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды",- деп мәлімдеді ШҚО ПД-нің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Марқұмның жеке басын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.