ШҚО-да жоғалып кеткен әйелді 15 жастағы ұлы өлтіргені анықталды

0
599

Дене бес айдан кейін ғана табылды.


ШҚО-да жоғалып кеткен әйелді 15 жастағы ұлы өлтіргені анықталды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында он бес жасар жігіт анасын өлтіріп, денесін жасырған. Әйел алты айға жуық уақыт бойы іздеуде болды. деп жазады stan.kz.

Әйелдің денесі кездейсоқ табылған. Жасөспірімнің нашақорлығы қылмысқа итермелеген. Мұны ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеді.

Үш ұлын бағу үшін жалғызбасты әйел жөндеу жұмыстарын жүргізіп, нәпақа тапқан. Осы кезде жасөспірім ұлы дұрыс емес ортаға түсіп, жаман әдеттерге әуес бола бастаған. Алғашында ішімдікке салынып, содан кейін құрылыс желімін иіскеуді әдетке айналдырған.

Желімге тәуелді екенін білгеннен соң әйел баласын өзгертуге тырысты, бірақ жағдай ушыға берген.

Анасы бір күні оның желім иіскеп отырған жерінен ұстап алып, қолынан тартып, қол көтерген, ал жасөспірім осы кезде анасын ұра бастаған. Әйел мұны жасөспірімнің әскердегі ағасына айтып беретінін түсіндірген.

Ашуға булыққан жасөспірім жерден тасты алып, анасын қуып жетіп, бас сүйегі езіліп кеткенше ұра берген.

Мәйіттен құтылу үшін оны арбамен ешкім тұрмайтын көрші үйге апарып, сөмкесімен, телефонымен және құжаттарымен бірге шұңқырға тастаған. Оның қанды киімінен де құтылған.

Бірнеше күннен кейін әйел іздестірілді.

Дене бес айдан кейін ғана табылды. Қараусыз қалған үйдің иесі қандай да бір себептермен келіп, кереуеттен бөрене тапты. Оны итеріп жібергеннен кейін шұңқырдан әйелдің сөмкесін байқаған. Сөмкені ақтарғаннан соң жоғалған әйелдің жеке куәлігін тапты. Осылайша полиция шақырған.

Полиция туыстарын тергегенде, ұлы бірден мойындады.

Психологиялық сараптама кісі өлтіру кезінде жасөспірім мас болғанын анықтады, бірақ есін білген. Алайда тергеу кезінде оның желімге тәуелділігі психикалық бұзылуларға алып келгені белгілі болды.

Жабық сот процесіне бүкіл отбасы қатысты. Үлкен ағасы судьялардан қаскөйге өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот жасөспірімнің аса ауыр қылмыс жасағанын ескеріп, жазалау шарасы ретінде кәмелетке толмағандар колониясына он жылға қамауды тағайындады.