ШҚО-да жұқпалы вирус тарап жатыр

0
1 459

Дәрігердің айтуынша, инфекция жұқтырғандардың дені – нашақорлар.


ШҚО-да жұқпалы вирус тарап жатыр

ERNUR.KZ. ШҚО-да АИТВ-инфекциясын жұқтырғандар күн санап көбейіп келеді, деп жазады Алтайньюс.

ЖИТС орталығының мәліметтері бойынша, инфекция жұқтырғандардың көбі Алтай, Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласының тұрғындары.

– Аймақта АИТВ-инфекциясы өршіп келеді. Әдетте ай сайын 20 адамнан анықталса, қазіргі уақытта олардың саны 45-ке жетті, – дейді облыстық ЖИТС орталығы эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Наталья Селезнева.

Дәрігердің айтуынша, инфекция жұқтырғандардың дені – нашақорлар. Бұған себеп – синтетикалық есірткі.

Сондай-ақ маманның пікірінше, тұрғындардың АИТВ-ға тексеріліп тұрғаны абзал. Себебі аталмыш инфекция бастапқыда сыр бермегенімен, 7-8 жылдан соң ауыр сырқатқа душар етуі мүмкін.