ШҚО-ның әлеуметтік көмек орталығында 4 бала қайтыс болды

0
760

Орталықтан 10-ға жуық бала «қызылша» диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына түскен.


ШҚО-ның әлеуметтік көмек орталығында 4 бала қайтыс болды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы арнайы әлеуметтік көмек орталығының 4 тәрбиеленушісі көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Анықталғандай, аталмыш балалар орталығынан 10-ға жуық бала «қызылша» диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Кейбірінен ішек инфекциясы анықталды. Салдарынан төрт бала қайтыс болды.

ҚР Ішкі істер министрлігі істің тергелуін өз бақылауына алды.

«ҚР ҚК 317-бабы 4-бөлігі «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сәйкес сараптамалар тағайындалды», - делінген ақпаратта.