ШҚО: «Жас Отан» жастар қанаты Аягөз халқына гуманитарлық көмек жинап жатыр

0
1 397

​Шығыс Қазақстанда қар суының зардабын шеккен 6 аудан бар. Әсіресе Аягөздің халі мүшкіл. Мұнда 50 адам әлі де үйіне орала алмай отыр. Қазір ауданда төтенше жағдайды реттеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды 24.KZ.


ШҚО: «Жас Отан» жастар қанаты Аягөз халқына гуманитарлық көмек жинап жатыр

Шығыс Қазақстанда қар суының зардабын шеккен 6 аудан бар. Әсіресе Аягөздің халі мүшкіл. Мұнда 50 адам әлі де үйіне орала алмай отыр. Қазір ауданда төтенше жағдайды реттеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды 24.KZ.

Өңірде зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету орындары құрылды. Төтенше жағдай жарияланған Аягөздің ахуалы күллі қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Еліміздің әр түкпірінде есеп-шоттар ашылып, көмек қолы жиналуда. Облыстық «Жас Отан» ЖҚ да қайырымдылық орындарын құрды. Мұнда азық-түлік, киім-кешектер қабылдануда. Жиналған дүниелер Аягөзге жіберіледі.

Маржан Бақыт, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы: - Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облысындағы әріптестерім қоңырау шалып, өздерінің көмектерін беретіндерін хабарлады. Қуанып жатырмыз. Басқа да әріптестеріміз бастаманы қолдап, қол ұштарын созып жатқанына. Себебі бұл қазақстандықтар үшін ауыр жағдай. Сен болып, мен болып, осылай көмектесуіміз керек. Тек билікке қарап отырмау керек.