Шортандыда 4 жасар бала балабақшаның терезесінен құлап, комаға түсті (ВИДЕО)

0
322

Баланың жақындары ауданның дәрігерлері бүлдіршінге уақытында көмек көрсеткен жоқ дейді.


Шортандыда 4 жасар бала балабақшаның терезесінен құлап, комаға түсті (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Ақсу ауылындағы балабақшаның екінші қабатынан 4 жасар бала құлап, ауыр дене жарақатын алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүлдіршіннің атасы Санат есімді азаматтың бізге берген мәліметіне сүйенсек, баланың жілігі сынып, бас сүйегі жарақаттанған. Ауылдағы жедел жәрдем көлігі бұзылып қалып, дәрігер оқиға орнына жаяу келіп, баланың жарақатын таңып берген. Атасы көлік тауып, баланы аудандық ауруханаға өздері апарған. Онда дәрігерлер ес-түссіз жатқан баланы 40 минут қабылдамай ұстап отырған. Қазір бала Астанадағы ауруханалардың бірінде

«Баланың бас сүйегі сынған, сондықтан, көп қан жоғалтқан. Ортан жілігі сынған, қазір комада жатыр. Бұндай хәлдегі баланы орнынан қозғауға болмайтынын білемін. Бірақ, амалым болмаған соң, оны көтеріп алып, ары-бері өзім жүгіруге мәжбүр болдым. Баланың аяғы ісіп, киімі шешілмейтін жағдайға жетті. Қаладан келген жедел жәрдем дәрігері киімдерін қайшымен кесіп алды»,- дейді баланың атасы.

Оның айтуынша, Ақсу ауылынан шығар кезде ол Шортанды аудандық ауруханасының қызметкеріне, дәлірек айтқанда, медбике Маргарита Валеревна есімді әйелге хабарласқан. Баласының жағдайын айтып, мүмкіндік болса, кезексіз қабылдауын сұраған. ескертіп, ауруханада еш бөгетсіз қабылдауын өтінген. Бірақ медбике ауруханаға емес, аудандық ішкі істер бөліміне хабарлама берген екен.

«Баланы алып барған кезде Шортанды ауруханасында ешкімді таппадық. Аурухананың 2 қабатын түгелдей араладым, қабылдау бөлімін таба алмай, қайтадан 1-ші қабатқа келдік. Отырған медбике маған жауап берген жоқ. Жанында жүрген бір әйел мені видеоға түсіре бастады. Олар көмектесудің орнына видеоға түсіріп жүр. Содан, немереме тезірек көмек көрсетейік деп, Астанаға кеттік. Кеше кешке полициядан телефон шалып, мені бүгін, 19.06.2024 сағат 9.00-да бөлімшеге келуімді талап етті», - дейді баланың атасы.

Журналистерге хабарласып, көмек сұраған тұрғын уақытылы көмек көрсетпеген дәрігерлердің кім екенін анықтауды, неге ауданда жедел жәрдем қызметі бұзылып жататынын білуді сұрайды.

Azattyq Rýhy тілшісі тиісті құзырлы органдарға сұрау салды.

Жанат Ерболған