Швейцария Қазақстанды карантин елдері тізімінен шығарды

0
591

Швейцария 2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап осындай шешім қабылдап отыр.


Швейцария Қазақстанды карантин елдері тізімінен шығарды

ERNUR.KZ. Швейцарияның федералды қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бірқатар елді карантин тізімінен шығарды. Оның ішінде Қазақстан да бар, деп жазады ҚазАқпарат.

Швейцария 2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап осындай шешім қабылдап отыр. Бұған дейін белгілі бір мемлекеттер мен аймақтардан келген азаматтарды ондағы билік карантинге жатқызатын.

Осылайша Швейцария карантин тізімінен 55 мемлекетті алып тастады. Қазақстанмен қатар ол тізімде Бразилия, Украина, Чили, Боливия мен тағы бірқатар ел бар.