Қазақстанға қайырымдылық ретінде жіберген.
ERNUR.KZ. Швейцариялық фармацевтикалық Rooche Holding компаниясы коронавирустың антиденесін анықтайтын тест дайындап, Қазақстанға жіберді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай, сонымен қатар Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алулары туралы брифингте айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Швейцариялық фармацевтикалық Rooche Holding компаниясы коронавирустың антиденесін анықтайтын тест дайындап, Қазақстанға қайырымдылық ретінде жіберді. Тесттің саны мыңға жуық», - дейді ДЗСҰО Бас директоры, Басқарма төрағасы Арнұр Нұртаев.
Оның айтуынша, мемлекет аталған тестті сатып алуды жоспарлап отыр.
«Аталған тест Қазақстанда қолданылатын барлық ПТР тест сияқты 99,9% нақтылық көрсетеді .Әзірге Rooche Holding компаниясы тегін түрде жіберген тестті қолданамыз», - дейді ол.