Шығыс Қазақстан ауылдарында көшелерді су басты

0
414

Өңірде қардың толассыз жауғанына бірнеше күн болды.


Шығыс Қазақстан ауылдарында көшелерді су басты

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында соңғы күндері еріген қар суы ауыл көшелерін басып жатыр, деп жазады kaz.inform.kz.


Өңірде қардың толассыз жауғанына бірнеше күн болды. Соның салдарынан еріген қар суы Өскемендегі Ахмер кентіне, Катонқарағай ауданындағы Алтынбел ауылындағы көшелерге кірген. Зайсан қаласындағы Жақсылықов, Ноғайбаев, Малдыбаев көшелерін де су басты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта су сорылып, жағдай бақылауға алынды. Абырой болғанда, үйлерге су кірген жоқ.


"Бүгін Күршім ауданы Бурабай ауылындағы Ұлан көшесінде жер үйдің ауласына су кірді. Бұл үйде жалғызбасты қарт әйел тұрады. Қазіргі уақытта сол жерге құтқарушылар мен арнайы техника барып, тиісті жұмыстарды жүргізуде", — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.