Шығыс Қазақстан облысында 10 ауыл таратылды

0
3 294

Таратылған он шақты ауыл төрт ауданға қарасты.


Шығыс Қазақстан облысында 10 ауыл таратылды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында төрт аудандағы 10 ауыл таратылды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отырысында белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.Таратылған он шақты ауыл төрт ауданға қарасты.Айталық, Күршім ауданы бойынша Ақбұлақ ауылдық округінің Алтай ауылы, Күршім ауылдық округінің Діңгек ауылы, Марқакөл ауылдық округінің Тентек ауылы таратылды. Сондай-ақ Қалғұты ауылдық округінің Жылытау ауылы таратылып, Қаратоғай ауылының құрамына, Құйған ауылдық округінің Қарабұлақ ауылы таратылып, Қайнар ауылының құрамына енгізілді.

Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылдық округіне қарасты Ақжартас, Қызылсу ауылдары таратылды.

Көкпекті ауданына келсек, Биғаш ауылдық округінің Комсомол ауылы таратылып, Егінбұлақ ауылының құрамына, Қойгелді Аухадиев ауылдық округтің Кіші Бөкен ауылы таратылып, Үкілі қыз ауылының құрамына енгізілді.

Сондай-ақ Шемонайха ауданы Октябрьский ауылдық округінің Садовое ауылы таратылды.

Айта кетейік, облыстық мәслихаттың бұл шешімі он күннен кейін іске аса бастайды.