Шығыс Қазақстан облысында 8 жасар баланы ит талап тастаған

0
716

Бала ауруханаға жеткізілді.


Шығыс Қазақстан облысында 8 жасар баланы ит талап тастаған

ERNUR.KZ. Алтай қаласындағы жеке тұрғын үйлер маңында 8 жасар баланы ит талап тастаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 7 қыркүйекте кешкі уақытта болған.

«Аудан орталығында 8 жастағы баланы көршісінің овчарка иті шабуыл жасаған. Куәгерлердің айтуынша, жануардың иесі абайсызда қақпаны ашық қалдырған, ал ит көшеге жүгіріп шыққан. Сол жерде 8 жасар бала жүгіріп бара жатқан. Ит бірден балаға тарпа бас салып, арқасынан қауып алған», - делінген хабарламада.

Бала ауруханаға жеткізіліп, жедел жәрдем қызметкерлері оқиға туралы полицияға хабарлаған.

«Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабының 1-бөлігімен (жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша заңнаманы бұзу) 17 250 теңге айыппұл салуды көздейтін әкімшілік іс қозғалды», - деді Алтай аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Дмитрий Шило.