Қарудың табылуына қатысты мән-жай анықталып жатыр
ERNUR.KZ. Зайсан ауданының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында аудан ауылдары бірінің 67 жастағы тұрғынынан 5,6 мм калибрлі ТОЗ-8М мылтығы тәркіленді, деп жазады polisia.kz.
Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі ("Атыс қаруын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қарудың табылуына қатысты мән-жай анықталып жатыр, тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.