Қарсыласынан басым түскен ол финалда америкалық Джексен Патрик Форрестті тіз бүктіріп, әлем чемпионы атанды.
ERNUR.KZ. Шығысқазақстандық балуан Дарын Әскербек Италияда өткен еркін күрестен әлем чемпионатының финалында америкалық қарсыласынан басым түсті, деп жазады inform.kz.
Шығыс Қазақстан облысының тумасы Дарын Әскербек Италияның Рим қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 55 келі салмақта ел намысын қорғады. Балуан Хусанбой Усмоновты (Өзбекстан), Арена Серобянды (Армения) жеңіп, жартылай финалда неміс Яннис Ребгольцпен шықты.
Қарсыласынан басым түскен ол финалда америкалық Джексен Патрик Форрестті тіз бүктіріп, әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, еркін күрестен Қазақстан қоржынына соңғы алтын 2013 жылы бұйырған болатын.