Биылғы 2-4 шілде күндері Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
«Биылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады», — делінген хабарламада.