Қарағанды облысының Топар кентінде карантин жарияланды.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің қабылдаған барлық шараларына қарамастан, сібір жарасын жұқтырып, жан сақтау бөлімінде жатқан 1948 жылғы пациент қайтыс болғанын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
«Пациенттің өліміне сібір жарасы ауруының ауыр сатысы және қатар жүретін ауыр дерттердің болуы себеп болды. Сонымен қатар, науқастың медициналық көмекке кеш жүгінуі де өз әсерін тигізді», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Сібір жарасын жұқтырған қалған екі пациентке келетін болсақ, олардың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің үнемі бақылауында.
Еске салсақ, Қарағанды облысының Топар кентінде карантин жарияланды. Елді мекеннен сібір жарасы табылды.
Кейін кентте тағы үш адамның осы дертті жұқтырғаны белгілі болды.
Дәрігерлер бір пациент ауыр халде деп хабарлаған еді.
Сібір жарасының ошағы анықталған Топар кентінен жеткізілген төртінші пациенттің талдауы теріс нәтиже көрсетті.