Сібірдегі орман өртінен шыққан түтін Нұр-Сұлтанға дейін жетті

0
364

Атмосфераның беткі қабатындағы ылғалдың жоғары мөлшері, ластаушы заттардың концентрациясының жиналуына қолайлы жағдай туғызған.


Сібірдегі орман өртінен шыққан түтін Нұр-Сұлтанға дейін жетті

ERNUR.KZ. Өткен бірнеше тәулікте республиканың бірнеше өңірінде көлемді әрі биік циклонның әсерінен бұлтты ауа-райы сақталды. Сонымен қатар, ауа ағындары Сібірдегі орман өртінен түтін жамылғысын әкелді, деп жазады inbusiness.kz.

Атмосфераның беткі қабатындағы ылғалдың жоғары мөлшері, ластаушы заттардың концентрациясының жиналуына қолайлы жағдай туғызған. Осылайша, 10-11 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының аумағында атмосфералық ауада шекті рұқсат етілген нормадан асып кету азот диоксиді бойынша 1,7 ШРК-ға дейін тіркелді.