Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады

0
2 389

Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.


Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады

"Қазгидромет" орталығы мамандары 18 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

18 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

18 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15 м/с күтіледі.

Күндіз 18 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с.

Түнде 18 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с болуы мүмкін.

Көкшетау қаласында түнде 18 қаңтарда жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда.

18 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтау қаласында 18 қаңтарда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Түнде 18 қаңтарда Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болмақ.

Петропавлда түнде 18 қаңтарда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

18-20 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 19-20 қаңтарда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Тараз қаласында 18-20 қаңтарда кей уақытта тұман, 19-20 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең 20 қаңтарда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с болуы мүмкін.

16-18 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.